қазгидромет: республиканың бірқатар облыстарында бұршақ жаууы ықтимал
Бейсенбі күні Қазақстанның орталығы, шығысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық тұтас ағым ықпал етуінен мұнда күн күркіреп, жауын жауып, екпіндетіп жел соғады. Республиканың қалған бөлігінің ауа райына антициклон тармағы ықпал етеді, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды. |
Бейсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өтпелі жауын жауады, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады, екпіні 18 м/с, ауа температурасы +28+30 градус болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығып, күндіз өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады, екпіні 12 м/с болады, ауа температурасы +26+28 градус болады.
Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінде Солтүстік Қазақстан облысында күн ашық болады. Онда түнде және атңертең кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы +27+32 градус болады. Қостанай, Палодар облыстарында күн күркіреп, өтпелі джауын жауып, ауа темпертаруасы сәйкесінше, +25+30, +28+33 градус болады. Ақмола облысында өтпелі жауын жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы +25+30 градус болады.
Қарағанды облысында өтпелі жауын жауады, жекелеген аудандарда 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы +23+28 градус болады. Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, аздап жауын жауып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, 15-22 м/с жел тұрады, ауа температурасы +25+30 градус болады.
Республиканың оңтүстігінде Жамбыл облысында аздап жауын жауады, кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғады, ауа температурасы +28+33 градус, сонждай-ақ Алматы облысында да өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с болып, күндіз бұршақ жауып, ауа температурасы +26+31 градус болады. Оңтүстік Қазақстан облыстарында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, шаңдатып, 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы +28+33 градус, Қызылорда облысында да жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы +30+35 градус болады.
Қазақстанның батысында барлық облыстарда күн ашық, Атырау облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы +33+38 градус, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы сәйкесінше, +30+35 және +29+34 градус болады. Ақтөбе облысында ауа температурасы +25+30 градус болады.
Синоптиктердің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан, Қызыорда облыстарында, Алматы облысының солтүстігі, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысы мен Қарағанды облысының оңтүстік-батысында өрт туындау қаупі өте жоғары болады.
Алдағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендердегі судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның қалған су айдындарында елеулі өзгерістер болмайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін