қазгидромет: республиканың бірқатар облыстарында бұршақ жаууы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
қазгидромет: республиканың бірқатар облыстарында бұршақ жаууы ықтимал

қазгидромет: республиканың бірқатар облыстарында бұршақ жаууы ықтимал

Бейсенбі күні Қазақстанның орталығы, шығысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық тұтас ағым ықпал етуінен мұнда күн күркіреп, жауын жауып, екпіндетіп жел соғады. Республиканың қалған бөлігінің ауа райына антициклон тармағы ықпал етеді, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

  • 30 Маусым 2011
  • 459
Фото - Caravan.kz

Бейсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өтпелі жауын жауады, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады, екпіні 18 м/с, ауа температурасы +28+30 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, күндіз өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады, екпіні 12 м/с болады, ауа температурасы +26+28 градус болады.

Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінде Солтүстік Қазақстан облысында күн ашық болады. Онда түнде және атңертең кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы +27+32 градус болады. Қостанай, Палодар облыстарында күн күркіреп, өтпелі джауын жауып, ауа темпертаруасы сәйкесінше, +25+30, +28+33 градус болады. Ақмола облысында өтпелі жауын жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы +25+30 градус болады.

Қарағанды облысында өтпелі жауын жауады, жекелеген аудандарда 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы +23+28 градус болады. Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, аздап жауын жауып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, 15-22 м/с жел тұрады, ауа температурасы +25+30 градус болады.

Республиканың оңтүстігінде Жамбыл облысында аздап жауын жауады, кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғады, ауа температурасы +28+33 градус, сонждай-ақ Алматы облысында да өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с болып, күндіз бұршақ жауып, ауа температурасы +26+31 градус болады. Оңтүстік Қазақстан облыстарында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, шаңдатып, 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы +28+33 градус, Қызылорда облысында да жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы +30+35 градус болады.

Қазақстанның батысында барлық облыстарда күн ашық, Атырау облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы +33+38 градус, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы сәйкесінше, +30+35 және +29+34 градус болады. Ақтөбе облысында ауа температурасы +25+30 градус болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан, Қызыорда облыстарында, Алматы облысының солтүстігі, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысы мен Қарағанды облысының оңтүстік-батысында өрт туындау қаупі өте жоғары болады.

Алдағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендердегі судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның қалған су айдындарында елеулі өзгерістер болмайды.

Соңғы жаңалықтар