Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық аудандарында орташа көпжылдық 5-12 градустан ауытқып, күн ысып, +28, 38º температураны көрсетті, бұған Иран жақтан келген ыстық ауа себеп болды. Ираннан келетін ауа ықпалы таяу тәуліктерде солтүстік пен орталық өңірлерде сақталады, деп хабарлады Қазгидромет.
Қазақстанға дереу шығыс бағытқа ауысатын Ресейдің еуропалық аумағының солтүстік-батысынан суық атмосфералық ағын ығыса бастайды. Жауын-шашын болып, найзағай ойнап, кей жерлерде күн күркірейді, 10 қыркүйекте батыста, кейінгі екі тәулікте республиканың солтүстігі мен орталығында температура төмендей бастайды.