Қазгидромет: Республиканың шығысы антициклонның ықпалында болады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет: Республиканың шығысы антициклонның ықпалында болады

Қазгидромет: Республиканың шығысы антициклонның ықпалында болады

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, бүгін республикамыздың шығыс бөлігі антициклонның ықпалында болады, атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, жел күшейіп, боран мен көктайғақ орнайды.

  • 13 Қараша 2012
  • 295
Фото - Caravan.kz

Тек еліміздің батысында ғана ауа райын жауын-шашынсыз болуы мүмкін.

Ақмола, павлодар облыстарында желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшейеді, түнде Ақмола облысында кей жерлерде 25 м/с жылдамдықпен жел соғады, қар бұрқасындатып, көктайғақ болады.

Ақтөбе, түнде Алматы облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында жекелеген жерлерде боран болып, желдің екпіні 15-23 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында 28 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде тұман түседі, Жамбыл облысында түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алдағы тәуліктерде еліміздің солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық және шығыс облыстарында мұз қатады. Соған байланысты республиканың шығысындағы көлдерде су деңгейі артуы мүмкін.

Перейти к новостям спорта