"Қазгидромет" РМК Каспий теңізінің шығыс жағалауын су басуы ықтимал деген ескерту жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазгидромет" РМК Каспий теңізінің шығыс жағалауын су басуы ықтимал деген ескерту жариялады

"Қазгидромет" РМК Каспий теңізінің шығыс жағалауын су басуы ықтимал деген ескерту жариялады

"Қазгидромет" РМК 23-24-қазан күндері Каспий теңізінің шығыс жағалауы аймағын су басуы ықтимал деген ескерту жариялады. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығынан KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 22 Қазан 2004
  • 526
Фото - Caravan.kz

Ауа райын болжаушыларлың мәліметі бойынша, алдағы демалыс күндері Каспий теңізінің шығыс жағалауында батыстан соққан жел күшейеді. Осыған байланысты Оралдың атырауынан Бұрыншық мүйісіне дейінгі аумақта 10 шақырымдық жағалау аймағы су астында қалу қаупі бар.

Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің басшылығы Атырау және Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары мен «Қазақ селден қорғау» қызметіне адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.

Перейти к новостям спорта