"Қазгидромет": Тұман түсіп, жел күшейеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазгидромет": Тұман түсіп, жел күшейеді

"Қазгидромет": Тұман түсіп, жел күшейеді

Синоптиктер 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

  • 16 Қаңтар 2022
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы өңірлерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысының батысында, шығысында, солтүстігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болып, бұрқасын болуы ықтимал.Жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, батысында бұрқасын соғып, жел секундына 15-20 метрге дейін соғады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысы мен шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың орталығында жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түсіп, желдің күшеюі секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде Маңғыстау облысының басым бөлігінде көктайғақ болады.

Атырау облысының басым бөлігінде көктайғақ болып, тұман түседі. Облыстың солтүстігі мен батысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында да жел секундына 15-20 метрге жетеді.


Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз облыс орталығында жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі секундына 18-23 метрге дейін жетеді.