4-5 қазан күндері түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді. 4 қазанда батыстан, солтүстік-батыстан соғатын 15-20 м/с екпіндегі жел сақталады.
4 қазан күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.
4-5 қазан күндері түнде Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болады. Таулы аймақтарда қатты жауатын жауынның соңы қарға ауысады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы кей жерлерде -3 градусқа дейін төмендейді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.