Қазгидромет үш облыста ескерту жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет үш облыста ескерту жариялады

Қазгидромет үш облыста ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 4-5 қазан күндері күн райының бұзылуына байланысты еліміздің үш облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 4 Қазан 2017
  • 158
Фото - Caravan.kz

4-5 қазан күндері түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді. 4 қазанда батыстан, солтүстік-батыстан соғатын 15-20 м/с екпіндегі жел сақталады.

4 қазан күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

4-5 қазан күндері түнде Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болады. Таулы аймақтарда қатты жауатын жауынның соңы қарға ауысады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы кей жерлерде -3 градусқа дейін төмендейді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.



 

Соңғы жаңалықтар