Қазгидромет: Жексенбіде республиканың барлық аумағында ауа температурасы аздап төмендейді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет: Жексенбіде республиканың барлық аумағында ауа температурасы аздап төмендейді

Қазгидромет: Жексенбіде республиканың барлық аумағында ауа температурасы аздап төмендейді

«Қазгидромет» РМК-нің берген мәліметінше, ертең республиканың барлық аумағында ауа температурасының аздаған төмендеуі болады.

  • 10 Қараша 2012
  • 348
Фото - Caravan.kz

Батыс Қазақстан облысында ауа бағамы 1-3 градус жылылықты көрсетеді. Атырау және Маңғыстау облыстарында күн 5-7 градус жылы болады, кей жерлерде жаңбыр жауады.

Ақтөбе облысында ауа температурасы минус 1 градустан плюс 1 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында — 0 +2 градус, Павлодар, Қарағанды облыстарында — 0 -2 градус болады, жаңбыр жауады.

Алматы облысында плюс 8-10 градус, Шығыс Қазақстан облысында плюс 3 -5 градус жылы болады, күн — құбылмалы.

Қызылорда облысында — +12+14, Жамбыл облысында +17+19, Оңтүстік Қазақстан облысында — +18+20 градус жылылықты көрсетеді, кей жерлерде күн құбылып, жаңбыр жауады.

Алматыда күн +11+13 градус, Астанада -1 +1 градус жылы болады, күн — құбылмалы.

Бүгін таңертең Астанада температура бағамы -2 градусты көрсетті. Түске қарай ол +1+3 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар