Жарияланды: 370

"Қазгидрометтің" 7 маусымға болжауы

«Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, Қазақстанның бөлігінің ауа райына циклон әсер етеді,

сондықтан жекелеген жерлерде жаңбыр жауады, күн күркіреп, күшті жел соғады, кейбір аумақтарда бұршақ түсуі ықтимал. Ал республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысы антициклонның ықпалында болып, күн жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде. Атап айтқанда, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының кей өңірлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Павлодар облысында бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарын түнде тұман басады, секундына 15-20 метр күшпен жел соғып, бұршақ жауады. Маңғыстау облысында түнде тұман болады. Сондай-ақ синоптиктердің болжауынша, республиканың оңтүстігіндегі жоғары өрт қаупі бүгін де сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін