ҚАЖК Балқаштағы колонияда болған оқиғаға діни экстремистер қатысты деген болжамды жоққа шығарып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚАЖК Балқаштағы колонияда болған оқиғаға діни экстремистер қатысты деген болжамды жоққа шығарып отыр

ҚАЖК Балқаштағы колонияда болған оқиғаға діни экстремистер қатысты деген болжамды жоққа шығарып отыр

ҚАЖК Балқаштағы колонияда болған оқиғаға діни экстремистер қатысты деген болжамды әзірге жоққа шығарып отыр, деп мәлім етті әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Сұлтан Күсетов.

  • 12 Шiлде 2011
  • 474
Фото - Caravan.kz

«Әзірге бұл туралы (экстремистер қатысқаны туралы — ҚазТАГ) айтуға еш себеп жоқ. Әдетте ұзақ жылдарға сотталған қылмыскерлер бас бостандығынан айыру орындарынан кетуді қалайды», — деді ол сейсенбі күні брифингте.

Комитет басшысы қаза болған 16 сотталған азаматтың біреуі дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы ретінде сотталып, тіркеуде тұрғанын қуаттады.

Сондай-ақ, С. Күсетов Ақтөбе облысы мен Балқаштағы оқиғалардың арасында байланыс болуы мүмкін екенін жоққа шығарды.

Оның мәліметтеріне сәйкес, қазір Қазақстанда дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатын 100 адам жазасын өтеп жүр.

Соңғы жаңалықтар