Қажылық ауғандық парламенттің жұмысын тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қажылық ауғандық парламенттің жұмысын тоқтатты

Қажылық ауғандық парламенттің жұмысын тоқтатты

Ауғанстан парламенті өзінің міндетін 1 апта бойы орындай ала алмай жүр. Депутаттар мен сенаторлардың басым дені мұсылмандық парызын өтеу үшін қасиетті Меккеге аттануы бұған себеп болды,

  • 25 Қазан 2012
  • 355
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ауғандық БАҚ.

Қазіргі уақытта парламентте 120-дан астам депутат пен сенатор жетіспейді, деп жазды РБК. Сол себепті парламенттің жоғары және төменгі палаталары заңдарды қабылдауда кәсіби біліктілердің аздығына байланысты жұмысын тоқтатты.

Кабулде қалған депутаттар әріптестерінің бұл әрекеттерін сынға алып, заңсыз деп бағалауда. Ауғанстанның құқықтық нормаларына сәйкес, олар тек жазғы және қысқы каникул кездерінде ғана демалуы тиіс. Парламеншілер оларды (депутаттар мен сенаторларды) жазалау үшін жалақы төлемеуді ұсынып отыр.

Парламент жұмысы тағы бір апта ішінде де қалпына келмеуі мүмкін деп күтіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар