Қажылыққа аттанған қазақстандықтар Меккеге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қажылыққа аттанған қазақстандықтар Меккеге жетті

Қажылыққа аттанған қазақстандықтар Меккеге жетті

Қажылық парызын өтеуге аттанған қазақстандықтар Мекке қаласына табан тіреді. Отандастарымыз бес парыздың бірі - қажылық рәсімдерін атқаруға кірісіп кетті.

  • 30 Қыркүйек 2014
  • 308
Фото - Caravan.kz

29 қыркүйекте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық миссиясы Мекке қаласында ресми жұмысын бастады. Миссия жұмысын ҚМДБ аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев басқаруда. Уағызшылар тобының жетекшісі, шариғат және пәтуа бөлімінің қызметкері Сансызбай Шоқанов қажыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Топ құрамында 30-ға жуық имамдар мен білікті теолог-ғалымдар бар.

Қажылық миссиясының мүшелерімен арнайы кездесу өтіп, жиын барысында аппарат басшысы миссия мүшелеріне бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жеткізді. Дін қызметкерлеріне тиісті нұсқаулар беріп, жұмысқа асқан жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

«Біз үшін әрбір қазақстандық қажының денсаулығы, қажылықты дұрыс атқаруы, оларға сапалы қызмет көрсету өте маңызды. Сондықтан миссия мүшелеріне артылар сенім мен жауапкершілік жоғары», — деді Ғылымбек Жәдігерұлы.


Айта кетейік, биыл елімізден 5 000 жерлесіміз қажылық парызын өтемек, деп хабарланған ҚМДБ -ның ресми сайтында.