Хабарламада атап көрсетілгеніндей, «Қазинвест» орталығы инвестициялық жобалардың мәліметтер базасын құрыпты. Онда республикамыздың барша аймақ-өңірлері мен экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін Қазақстандық компаниялардан келіп түскен 500-ден астам ұсыныстар шоғырландырылған.
Сараптама нәтижесінде инвестициялық жобалардың мәліметтер базасына қамтылған жобалар арасынан алдағы тұсаукесер шарасына 15 перспективалы ұсыныс іріктеп алынды.
Олардың арасында «Кентау трансформатор зауыты» ААҚ, «Қазақалтын» тау-кен-металлургиялық кешені, «Мембраналық технологилар» ЖШС-нің инновациялық жобасы, «Массагет» ААҚ, «Ашытқы зауыты» ЖАҚ, » Аят Сауда үйі» ЖШС секілді кәсіпорындардың жоба-ұсыныстары бар.
Тұсаукесерге шақырылған потенциалдық инвесторлар қатарында Еуропалық Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, еліміздің коммерциялық банктері , инвестициялық қорлары мен отандық және шетелдік компаниялар бар.