Жарияланды: 770

Қазір балалар неврологиясында жүйке жүйесі аурулары ішінде эпилепсияның үлесі жоғары

Балалар арасындағы эпилепсия ауруын ерте анықтап, емдеу мүгедектіктің алдын алудың бірден-бір жолы. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Диагностиканың инновациялық әдістері және эпилепсияны емдеу. Психоневрологиялық, нейрохиругиялық қызметтердің, SVS Nеvro қоғамдық бірлестігінің эпилепсиямен ауратын клиенттерге көмек көрсетудегі өзара ықпалдастығы» деп аталатын халықаралық конгресте айтылды.

«Бүгін бізде балалар дәрігерлеріне арналған үлкен шара өтіп жатыр. SVS Nеvro зертхананың 10 жылдық мерейтойына орайластырылған бұл алқалы жиын біздің жұмысымызға үлкен үлес қосады. Өйткені қазір балалар неврологиясының жүйке жүйесі аурулары ішінде жас нәрестелердің арасынан шығып жатқан эпилепсия ауруы ең көп пайызды алып отыр», - дейді Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының Балалар неврологиясы кафедрасының доценті Алма Исабекова. Оның айтуынша, эпилепсия ерте жастағы балалардың психикалық дамуына көп әсер етеді. Диагноз қойып уақытында емдемесе, кейін балалар өзіне-өзі көмек бере алмай, мектепке бара алмайтын мүгедектік жағдайға жетеді. Ол қоғамда әлеуметтік үлкен проблема тудырып, жәрдемақыдан басқа, арнайы балабақша, мектеп, аурухана мен бейімдеу орталықтарында жаңа орын ашуды қажет етеді. Сондықтан оған бөлінетін қаржыны диагностика мен емдеуге жұмсаған орынды болмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін