Қазір медицина саласын қаржылық тәртіп бұзушылық пен басқа да заң бұзушылықтар жайлап алған - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазір медицина саласын қаржылық тәртіп бұзушылық пен басқа да заң бұзушылықтар жайлап алған - президент

Қазір медицина саласын қаржылық тәртіп бұзушылық пен басқа да заң бұзушылықтар жайлап алған - президент

Шымкент. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - "Қазір медицина саласын мемлекеттік сатып алуда қаржылық тәртіп бұзушылық пен айла-шарғы және басқа да заң бұзушылықтар жайлап алған". Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шымкентте өткен кеңесте айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Қараша 2008
  • 909
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокуратураның денсаулық сақтау саласында тексеру жұмысын жүргізіп жатқанын айтты. «Қазір медицина саласын мемлекеттік сатып алуда қаржылық тәртіп бұзушылық пен айла-шарғы және басқа да заң бұзушылықтар жайлап алған»,- деді ол.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі медициналық мекемелердің жұмысына сын айтты

Маман жетіспеуі немесе нашар даярлануы медицинаның көптеген проблемаларын туындатады. «Біздер қымбат құрал-жабдықтарды сатып алуға қыруар қаражат жұмсаймыз. Ал олар тиімсіз пайдаланылады, кей жағдайларда пайдаланылмай қаңтарылып тұрады. Бұған жол беруге болмайды», — деді президент. «Біздер экономиканың өсуі туралы, реформалар жөнінде ауыз толтырып айтып жатамыз. Бірақ ең бастысы — адам. Егер біздер ертең ұлттың денсаулығы бойынша орнықты өсімге қол жеткізе алмасақ, біздердің барлық әрекетіміз босқа кеткен болып шығады», — деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Шымкентте денсаулық сақтау жүйесінің мәселелері бойынша кеңейтілген республикалық кеңес өткізді және министрлік басшыларына және оның облыстық бөлімшелеріне бірқатар талаптар қойды. Ал Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы ректорының алдына оны (ректорды) жұмыстан босату және жоғары оқу орнын фармацевтикалық оқу орны етіп қайта құру мәселесін қойды. «Еліміздегі медицина мекемелерінің кіреберісінде сіздердің академия түлектерінің жұмысқа алу жөніндегі өтінішін қабылдамау туралы хабарландыру ілініп тұрғанын сіздер білесіздер ме? Бұл барып тұрған ұят жағдай! Сіз қалайша ректор болып қалмақшысыз?! Сіздің академия сыбайлас жемқорлықпен әбден шырмалған және бұл еліміздегі жалғыз ғана жоғары оқу орны емес. Ал дәрігерлік деген — жүрек қалауымен болатын мамандық. Оның о бастан-ақ жан-жүрегі таза болмаса, нағыз күнәһар болғаны — деді президент.

Мемлекет басшысы сол жерде Түркістандағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерге білім беру жайынан мысал келтірді. «Онда студенттер үшінші курстан кейін-ақ күрделі операциялар жасайды. Дәрігерлерді сонда оқыту керек», — деді Н. Назарбаев.

«Біз денсаулық сақтауға соңғы жүз жылда ешқашан болмаған ерекше назар аударып отырмыз. Біздің осы салымдарымыз адамдардың өмір деңгейінен, әсіресе ана мен баланың денсаулығы, бала туу мәселелерінен көрініс табуы тиіс. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы бұл бағыттар бойынша ауру мен кісі өлімінің азаюына қарай бағаланады», — деді Н.Назарбаев.

Дене жарақатын алу азайғанмен, бұл бағыттағы кісі өлімі, соның ішінде жол-көлік оқиғасы салдарынан мерт болу проблемалары бар. Өркениетті мемлекеттер үшін кешіргісіз онкологиялық аурулар мен туберкулезден азаматтардың өмірі қиылуда. Тағы бір мәселе — ана мен сәбилердің өлімі. Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттардың барлығы бойынша қатаң бақылау жасауды және мемлекет қабылдаған шаралар мен түпкі нәтиженің нақты арасалмағын көрсетуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар