Қазір Қазақстанда мұнай компанияларының жұмысынан ашықтық талап етілуде-ҚР қаржы министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазір Қазақстанда мұнай компанияларының жұмысынан ашықтық талап етілуде-ҚР қаржы министрі

Қазір Қазақстанда мұнай компанияларының жұмысынан ашықтық талап етілуде-ҚР қаржы министрі

" Қазіргі таңда Қазақстанда мұнай компанияларының жұмысынан ашықтық талап етілуде ". Бұл туралы бүгін, 2-маусымда "Қазақстанның шикізат секторындағы кірістің қалыптасуы мен жұмсалуына мониторинг жасау" тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының қаржы министрі Зейнолла Кәкімжанов атап көрсетті.

  • 2 Маусым 2003
  • 535
Фото - Caravan.kz

Кәкімжановтың айтуынша, «бүгінде инвесторлар мен бюджет арасында пайда бөлісуде әділетті тепе-теңдік қалыптаспай отыр. Мысал ретінде салық жүктемесін атауға болады. Көптеген ірі мұнай өндіруші компаниялар үшін бір долларға шаққанда салық жүктемесі 15-18 центті құрайды. Бұл өте төмен ауыртпалық. Жалпы, Қазақстанда табиғи қазба байлықтарды игеруде аса либералды салық тәртібі белгіленген «.

«Соңғы 5-7 жылда Қазақстан салық саясатын түбегейлі өзгертті. Тиімді салық тәртібін пайдалана отыра , көптеген мұнай компаниялары келісім шарттарындағы тепе-теңдік талабын бұзып отыр. Шарт талаптарын бұзу оқиғалары жиі орын алуда. Осыдан біраз жыл бұрын үкіметті халықаралық арбитраждық сотпен қорқытуға болатын еді. Ал қазір құзыретті мекемелер мемлекет мүддесін кез-келген деңгейдегі сот процестерінде қорғауға дайын».
«Бүгінде қаржы министрілігі мұнай өндіруге салынатын жаңа салық механизмін әзірледі. Бұл механизм қандай да жағдаятқа қарамастан әрбір мұнай тоннасынан бюджетке ең төменгі мөлшерде түсім аударуға кепілдік береді»,- деп хабарлады қаржы министрі.
Оның айтуынша жаңа салық механизмінің әдістемесі нақтыланып, үкіметке жолданған. Мұндай әдістеме Ресей мен Норвегияда қолданылатынын айтқан З.Кәкімжанов ендігі жерде Қазақстанда табиғат пайдаланушыларға қатысты барлық келісім шарттары жаңа салық заңына сәйкес жасалуы тиіс деді.
«Мұнай өндіруші елдердің тәжірибесі дәлелдегеніндей, ең дұрысы — келісім шартқа лицензия негізіндегі ортақ салық тәртібіне сәйкес қол қою»,- деді қаржы министрі.

Соңғы жаңалықтар