Қазірде Ұлттық инновациялық қор биометриялық төлқұжаттар өндіру технологиясына ие SafeID компаниясының акциялары қоржынын сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізуде - Қ.Келімбетов - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазірде Ұлттық инновациялық қор биометриялық төлқұжаттар өндіру технологиясына ие  SafeID компаниясының акциялары қоржынын сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізуде  - Қ.Келімбетов

Қазірде Ұлттық инновациялық қор биометриялық төлқұжаттар өндіру технологиясына ие SafeID компаниясының акциялары қоржынын сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізуде - Қ.Келімбетов

АСТАНА. 14-қараша. Kazakhstan Today. "Қазірде Ұлттық инновациялық қор биометриялық төлқұжаттар өндіру технологиясына ие SafeID компаниясының акциялары қоржынын сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізуде". Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында сөз сөйлеген "Қазына" қорының басшысы Қайрат Келімбетов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 14 Қараша 2006
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Ондай жағдайда Қазақстан осы технологияны тең иемденушіге айналумен бірге компанияның құны одан әрі өскен жағдайда біршама қаржылық пайдаға кенеледі»,- деді ол. Қазір өндірісті іске қосуға қажетті барлық жағдайды жасауға бағытталған жұмыстар атқарылуда.

«Технология іс жүзінде озық болған жағдайда және Қазақстан әзірге елде тұрақты өндірісті іске қосуға мүмкіндігі жетпей отырған, бірақ, оған деген сұраныс бар қазіргі ахуалда бір ғана жол — компанияны толық немесе одан үлес сатып алу ғана болмақ»,- деді Қ.Келімбетов. Сол арқылы біз меншіктену құқығына ие болумен бірге Қазақстанда өндірісті жолға қоюға жағдай жасауға қажетті уақытты ұтамыз, деді қор басшысы.

«Бұл — шұғыл жауап қату тәсілі»,- деді ол. Бүгінде бұдан басқа да болашағы бар компаниялардың жағдайы зерттелуде және үкіметке таяу уақыттарда нақты ұсыныстар енгізіледі, деді Қ.Келімбетов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта