Қазіргі бар өңдеуші кәсіпорындардың қуаты азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін 30 - 50% ұлғайтуға мүмкіндік береді - Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазіргі бар өңдеуші кәсіпорындардың қуаты азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін 30 - 50% ұлғайтуға мүмкіндік береді - Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі

Қазіргі бар өңдеуші кәсіпорындардың қуаты азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін 30 - 50% ұлғайтуға мүмкіндік береді - Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазіргі бар өңдеуші кәсіпорындардың қуаты азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін 30 - 50% ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев бүгін мекемеде өткен алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Қараша 2008
  • 806
Фото - Caravan.kz

Алқа мәжілісіне облыс әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл шаруашылық басқармасының басшылары және министрліктің салалық құрылымдары, облыстық инспекция жетекшілері қатысты.

Алқа мәжілісіне төрағалық етуші ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Күрішбаевтың айтуынша, мемлекет басшысы биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған өз жолдауында экономиканың аграрлық секторын дамыту мен елдегі азық түлік қауіпсіздігігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Ішкі нарыққа сыртқы факторлардың әсерін төмендетумен бірге, оның экспорттық потенциалын арттыру үшін бізге азық түлік пен қайта өңдеу өнеркәсіптерінің қазіргі жағдайына баға беру арқылы кездескен қиындықтарды анықтап, болашаққа нақты міндет жасауымыз керек.

Бас қосуда өңдеу өнеркәсібінің қазіргі ахуалына сараптама жасалып, аймақтардың ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге жеткілікті мүмкіндіктері және өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту бағытындағы негізгі басым бағыттары туралы айтылды.

Дегенмен еліміздің өңдеу өнеркәсібі саласындағы жағдай, әсіресе оның бәсекелік деңгейі баяу дамып келеді. Еліміздің барлық аймақтарында азық түлік өнімдерін терең өңдеуден өткізуге мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде ішкі сұраныстағы импорт үлесін азайтып, оның инфлияция деңгейіне әсерін бәсеңдетеді. Алқа мәжілісінде осы үшін облыс, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне ауыл шауашылық өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарға жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік қолдау көрсетуге, шағын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді біріктіре отырып ірі сүт өндіретін фермалар құруға, соңғы үлгідегі мал жемдейтін алаңдар ашуға қолдан келгенше көмек беруге ұсыныс жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар