Жарияланды: 530

Қазіргі бар құбыр жүйесі Шанхай ынтымақтастығы ұйымының біртұтас энергетикалық кеңістігін құруға негіз бола алады - Қазақстан премьері

Қазіргі бар құбыр жүйесі Шанхай ынтымақтастығы ұйымының біртұтас энергетикалық кеңістігін құруға негіз бола алады - Қазақстан премьері

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов тың пайымдауынша, қазіргі бар құбыр жүйесі Шанхай ынтымақтастығы ұйымының біртұтас энергетикалық кеңістігін құруға негіз бола алады. Бұл туралы пікірді ол бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшылары кеңесінің 7-ші отырысында ортаға салды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ынтымақтастықтың түрлері мен тетіктерін айқындаудың ғаламдық көзқарасының үлгісі ретінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберінде біртұтас энергектикалық рынок пен ортақ транспорттық дәліз құру жобаларын атауға болады. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы кеңістігіндегі Ресейді Орталық Азия елдерімен және Қытаймен қосатын қазіргі бар құбыр жүйесі Шанхай ынтымақтастығы ұйымының біртұтас энергетикалық кеңістігін құруға негіз бола алады ", - деді Кәрім Мәсімов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін