Қазіргі еркектер әлсіз - Ақбота Керімбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазіргі еркектер әлсіз - Ақбота Керімбекова

Қазіргі еркектер әлсіз - Ақбота Керімбекова

Өткен жылдың соңында желіде америкалық әйелмен ақша үшін “жүретінін” айтқан қазақ жігітінің видеосы көпшілікті терең ойға батырды. Қазақ қоғамында да қалталы қыздардың ақшасын пайдалануға асық жігіттердің бар екені ел танымалдарын алаңдатты. Мәселен, Әбдіжаппар Әлқожа өмір сүрудің бұл салтын өмірге ашынған жігіттер ұстанады деп есептейді.

  • 11 Ақпан 2019
  • 157
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Бір жерден соққы жеген, өмірге ашынған еркектер деп ойлаймын. Өйткені дайынға құмартып тұратын жігіттер. Өз басым ондай жігіттерді жек көремін, жігіт деп те айта алмаймын. Қиын ғой”, – дейді ол.

Әнші Дана Кентай болса таныстарының арасында да альфонс жігіттер бар екенін айтады. Алайда бикеш оларды түзу жолға салуға тырысып көрмепті. Себебі:

“Таныс жігіттер бар. Тренажерға барып жаттығады. Өте әдемі. Сосын ақшалы, қалталы қыздармен жүреді. Оларға ұрсып, ақыл айтып көрмеппін. Дегенмен өзіңнің сүйіктіңмен жүргенге жетпейді ғой. Ер адамсың ғой, барып жұмыс істеуге болады. Уақыты келгенде жасармыз дейді”, – дейді Дана Кентай.

Ал үш рет тұрмыста болған Ақбота Керімбекова бұған қазіргі еркектердің ұсақталып кетуі себеп деп отыр.


“Қазіргі жастар ұсақталып кетті. Көзқарастары. Бұның бәріне ғаламтор желісі кінәлі ме деп ойлаймын. Намыс жоғалып барады. Еркектеріміз қазір әлсіз. Дайын ақша, дайын дүниеге құмар жастарымыз бар. Алладан сабыр тілеймін. Не дегенмен, олар өзгеріп көте қоймайды ғой, өкінішке қарай”, – дейді ол.