Қазіргі саяси жүйе жалғасатын болса 1 доллар 1000 теңгеге дейін баруы әбден мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазіргі саяси жүйе жалғасатын болса 1 доллар 1000 теңгеге дейін баруы әбден мүмкін

Қазіргі саяси жүйе жалғасатын болса 1 доллар 1000 теңгеге дейін баруы әбден мүмкін

Қазіргі саяси жүйе жалғасатын болса 1 доллар 1000 теңгеге дейін баруы әбден мүмкін.

  • 16 Қараша 2018
  • 144
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Біздің кемшілігіміз 30 жылда ең болмаса бір өнімді өндіріп шетелге сата алатын, сол салада әлемнің біріншісі болатын экономика құра алмауымыз. Дайын өнім өндіріп өзге мемлекеттерге сата алмаған елдің ақшасы құлдырай беретіні сөзсіз.

Біз тұтынушы елміз. Алдағы 10-15 жылда қазіргі саяси жүйе жалғасатын болса 1 доллар 1000 теңгеге дейін баруы әбден мүмкін. 2000 жылдары Түркияның басынан 1 миллион лираға қоғамдық әжетxанаға кіретін заман да өткен.

Енді бір 10 жылда 1000 теңгеге қоғамдық әжетxанаға кіретін Қазақстанда өмір сүріп жатсақ таң қалудың қажеті жоқ.


Саяси элитаның ауысатын уақыты жетті. Бұл элита 30 жылда жасай алмаған экономикалық секіріс енді болмайды.

Мұнай мен қазба байлықтың арқасында әлі де қалт-құлт етіп аяқта тұрған теңгеміздің туған күні құтты болсын!

Соңғы жаңалықтар