Қазіргі жағдайда әлемге өркениеттілік, мәдени және діни белгілеріне қарай алшақтап кетуге жол бермеудің маңызы зор - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазіргі жағдайда әлемге өркениеттілік, мәдени және діни белгілеріне қарай алшақтап кетуге жол бермеудің маңызы зор - Назарбаев

Қазіргі жағдайда әлемге өркениеттілік, мәдени және діни белгілеріне қарай алшақтап кетуге жол бермеудің маңызы зор - Назарбаев

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазіргі жағдайда әлемді өркениеттілік, мәдени және діни белгілеріне қарай алшақтап кетуге жол бермеудің маңызы зор. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін сыртқы істер министрлерінің "Ортақ әлем: әралуандық арқалы өркендеу" атты конференциясында сөйлеген сөзінде пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Қазан 2008
  • 889
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдайда әлемге өркениеттілік, мәдени және діни белгілеріне қарай ірге ажыратуға, алшақтап кетуге жол бермеудің маңызы зор. Қазіргі әлемнің біртұтастығын, адамзат үшін ортақ қауіп-қатерлермен бетпе-бет келген тұста бірліктің қажеттігін ұғыну абзал «, — деді Н. Назарбаев.

Осыған байланысты ол «кейінгі кездері қазіргі заманғы халықаралық саясат көп жағдайда қорқыныш идеологиясымен сипаттала бастады, тіпті кейбір жекелеген «білгірлер» таяу келешекте ислам мен христиан діні бір-біріне қарсы тұрады деп сәуегейлік айтатын болды» деп атап өтті.

«Адамдарға дәл сонау орта ғасырдағы секілді мұсылмандар — батыс өркениетінің қатері, ал христиандар әлемі ислам елдеріне қатысты неоколонистік кек қайтаруды ғана көксейді деген идеяны таңуға тырысуда. Мұндай пікір-пайымдар, Батыстағы имламофобия да, Шығыстағы батысқа қатысты фобия да қатаң айыптауға тұрады», — деді Қазақстан басшысы.

«Бүгінде адамзатты қайтадан өзімдікі және жаттыкі деп бөлуге жасалып жатқан талпыныстарға тойтарыс берудың маңызы артты, әлемде алпауыт және кіші мәдениет деген жоқ, қуатты немесе әлсіз дін деген жоқ, олардың тек бұлтартпас, ажырымас бірлігіне ғана орын бар», — деді ол.

«Қазіргі әлем мозаикаға ұқсас: бір тасы құлап қалса, барлық сурет ғайып болып күйрейді. Егер әлдекім басқа дінді құрметтемесе, басқа халықтың өкіліне қол көтерсе, онда ол өзінің дініне кір келтіреді, өз халқын жерге қаратады, біртұтастың бір бөлшегі секілді өз халқы мен оның мәдениетіне қатер төндіреді», — деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар