Қазіргі жағдаймен Қазақстанда сындарлы ақпараттық саясат жүзеге асырылмай отыр- сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазіргі жағдаймен Қазақстанда сындарлы ақпараттық саясат жүзеге асырылмай отыр- сарапшы

Қазіргі жағдаймен Қазақстанда сындарлы ақпараттық саясат жүзеге асырылмай отыр- сарапшы

Қазіргі жағдаймен Қазақстанда сындарлы ақпараттық саясат жүзеге асырылмай отыр. Бүгін, 28-қаңтарда Қазақстандағы ақпараттық саясатты талқылауға арналған дөңгелек үстелде Интерньюс-Қазақстан ұйымының өкілі, республикадағы Интернет саясаты жөніндегі Ғаламдық бастаманың үйлестірушісі Софья Есенова осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қаңтар 2004
  • 991
Фото - Caravan.kz

Оның пікірінше, азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі ақпараттық саясатқа негіз болуы тиіс. Ал қазір Қазақстанда мұндай мүмкіндік толыққанды қамтамасыз етілмей отыр. Сарапшының пайымдауынша, ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру үшін ақпаратқа еркін қол жеткізу, мемлекет пен масс-медиа арасындағы байланыс және елімізде коммуникацияларды дамыту мәселелерін заңнамалық тұрғыда өзара ажырату қажет. Қазір бұл мәселелер бір ғана заңнамалық актілермен реттелуде. Ол ақпаратпен қамтамасыз етуші және оны алушы арасындағы өзара ықпалдастық тәртібін қиындата түсуде,- дейді С.Есенова.

Экономикалық зерттеулер орталығының бас маманы Диас Нұрмағамбетов та ақпараттық саясатты заңдық тұрғыда реттеу мәселесіне тоқталды. Оның хабарлаынша, Қазақстанның ақпараттық саясаты жөніндегі тұжырымдама жобасын жасаушы жұмыс тобы ақпарат бостандығы туралы заң жобасын жасау жөнінде ұсыныс түсірмекші. Д.Нұрмағамбетовтың пікірінше, бұл құжат қабылданғаннан кейін қоғам өкілдерінің ақпаратқа біркелкі қол жеткізе алмауы туралы проблема жойылып, маңызды ақпаратты жасырып қалғандар заң бойынша жауапкершілік жүктейтін болады.
Бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушылар ақпаратқа толыққанды қол жеткізу мүмкіндігі қоғам өкілдерінің, нақтырақ айтсақ, ақпарат алушы, ақпаратпен қамтамасыз етуші және оны жалғастырушылардың толайым ықпалдастығы нәтижесінде ғана қамтамасыз етіледі дегенге сенім білдірді. Бұл жерде негізгі ақпарат жалғастырушы ролін БАҚ-тар атқарады. Ұлттық кітапхана директоры, Қазақстан кітапханашылары қауымдастығының төрайымы Роза Бердіғалиеваның пікірінше, Қазақстанда БАҚ-тармен қатар кітапханалар да ақпарат жалғастырушы бола алады.
Р.Бердіғалиеваның хабарлауынша, еліміздегі кітапханалар саны 90-шы жылдардың басындағы 21 мыңнан 2003-жылы 10 мыңға дейін азайды. Қазақстандық кітапханалар жұмысына озық ақпараттық технологиялар кеңінен енгізілген жағдайда ғана олар ақпарат жалғастырушы ролін атқара алады. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар елімізде жасала бастады деді ол.
Дөңгелек үстелге қатысушылар бүгін Қазақстанның болашақ ақпараттық саясатының принциптерін талқылап, оларды ҚР ақпарат министрлігіне нұсқаулар ретінде ұсынбақшы. Қазақстандағы ЮНЕСКО бюросының мұрындық болуымен ұйымдастырылған бұл кездесуге бейресми, халықаралық, ғылыми-зерттеу, журналистік ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың, кітапханалардың өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар