Қазіргі жастарға ғашық болу өте зиян - ғылыми зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазіргі жастарға ғашық болу өте зиян - ғылыми зерттеу

Қазіргі жастарға ғашық болу өте зиян - ғылыми зерттеу

АҚШ-тың Денвер университеті ғалымдары 16 жасқа толған 200 бозбала мен бойжеткенді арнайы ғылыми зерттеу жұмысына тартып, оларды 9 жыл бақылайды.

  • 21 Тамыз 2015
  • 393
Фото - Caravan.kz


Ғалымдар олардың бір-біріне ғашық болып, достықтан жақын қарым-қатынаста болуы қалай әсер ететінін зерттеген. Ғылыми жұмыста жасөспірімдер ғашықтық хикаяларына қатысты сұрақтарға бұлтармай жауап берді, деп жазады The Daily Mail. 

Қыз бен жігіт болып «жүріп» көрген жасөспірімдер махаббат хикаяларын басынан кешпеген құрбыларына қарағанда көп азап шегіп, қиындық көргенін айтқан. Қоғамнан оқшауланып, психикасына әсер еткенін, ата-анасына жаман мінез көрсете бастағанын айтқан. 
Ғалымдардың «сүйгенімен ұрысып, не келіспей қалғанда арақ-шарап өнімдерін қолдандыңдар ма?» деген сұрақтарына олардың барлығы дерлік: «иә!» деп жауап берген. 
Алайда, мұның екінші жағы да бар деп жазады зерттеушілер. Жолы болып, бірін бірі демеп кеткен жастар керісінше өтпелі кезеңдегі психикалық қиындықтардан оңай шығып отырған. Бірақ, мұндай жағдай өте аз деп қорытындылаған мамандар.

Соңғы жаңалықтар