"Қазхром " ААҚ-ның Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында ұнтақтап- сорттағыш кешен пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазхром " ААҚ-ның Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында ұнтақтап- сорттағыш кешен пайдалануға берілді

"Қазхром " ААҚ-ның Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында ұнтақтап- сорттағыш кешен пайдалануға берілді

Бүгін, 26-маусымда Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында ұнтақтап- сорттағыш кешен (ДСУ-4) пайдалануға берілді . Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазхром " ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Маусым 2003
  • 1038
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, бұл кешенді пайдалануға беру нәтижесінде 60 жылдан бері жинақталып қалған қоқыс үйіндісін өңдеу қарқыны біршама артады. Ұнтақтап- сорттағыш кешенде жыл сайын 300 мың тоннадан астам кен қазбасын өңдеу көзделіп отыр. Соның нәтижесінде шикізаттан шамамен 13 мың тоннаға дейін металл өнімдері мен 165 мың тоннаға дейін қиыршық тас бөліп алу межеленіп отыр.

Сонымен бірге, пайдалануға берілген қосымша қуат екінші балқыту цехының тұрақтандырылған қалдықтарын өңдеп, олардан қиыршық тас шығарып алуға мүмкінді береді. Тұрақтандыру әдісі өндіріске енгізілгенге дейін екінші балқыту цехының қалдықтары қоқыс үйіндісіне қосылып, ферротозаңға айналып келген болатын.
Нысанды салуға шамамен 110 млн. теңге жұмсалды. Қондырғы жобасын бұған дейін зауытта жұмыс істеп келген ұнтақтап- сорттағыш кешендердің жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып зауыт инженерлерінің өздері жасады. Қондырғыны жасап шығаруға механикалық жабдықтарды жөндеу, зауыттың құрылыстық-жөндеу басқармасы, автотранспорт цехы, бас механик , бас энергетик қызметі және қоқыс өңдеу цехы тәрізді зауыт бөлімшелерінің мамандары өз үлестерін қосты.
Өнім сапасын қамтамасыз ету үшін өнім өндіру сатыларының барлығында бірдей полуфабрикат сапасын тұрақты қадағалау жолға қойылған. Барлық процесс зауытқа енгізілген ИСО 9001-2000 сапа жүйесінің талаптарына сәйкестендірілген.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қазіргі заман талабына сай келу үшін , шикізат төгілетін жерлерде тозаңдануға жол бермеу мақсатымен ДСУ-4 кешенінде алты бірдей аспирациялық қондырғы орнатылды. Олар 104 мың текше метрге дейінгі тозаңданған ауаны тазалай алады. Ауа арнаулы циклондық агрегаттарда тазартылады.
ДСУ-4 кешенінің технологиялық желілері толықтай механикаландырылып, жартылай автоматтандырылған.

Соңғы жаңалықтар