№1 цехтағы газ тазарту кешенінің бірінші кезегін пайдалануға беру — ауаға тасталатын газ қалдықтарын жыл сайын 2,7 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді .
№1 цехта жаңа газ тазартушы қондырғыларды орнату жұмыстары зауытта 2001-жылы қабылданған ауаға тасталатын қалдықтарды азайту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Осыған сәйкес 2005-жылға дейін цехта 1,745 млрд. теңгеге 6 құрғақ газ тазартқыш қондырғы орнатылады. Соның нәтижесінде зауыт ауаға тасталатын газ қалдықтарының мөлшерін жылына 12 мың тоннаға дейін азайту мүмкіндігіне қол жеткізеді. Бұл орайда газ тазартқыш қондырғылардың тиімділігі 99,6-99,8 процентті құрайтын болады.
Газ тазартқыш қондырғының екінші кезегі биыл шілде айында атап өтілетін зауыттың 20 жылдық мерейтойына орайластырылып пайдалануға берілмекші. «Қазхром» ААҚ-ның бас директоры Болат Святовтың айтуынша, экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыру -Ақсу ферроқорытпа зауытының басымдық берілген даму бағдарларының бірі болып табылады. Мәселен, 2002-жылы Ақсу ферроқорытпа зауыты табиғат қорғау шараларына 664 млн. теңге жұмсаған. Бұл жоспардағы көрсеткіштен 275,6 млн. теңгеге артық.
Ақсу ферроқорытпа зауытында 6 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр