Қазкоммерцбанк 150 млн. доллардың синдикаттық несиесін мерзімінен бұрын өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазкоммерцбанк 150 млн. доллардың синдикаттық несиесін мерзімінен бұрын өтеді

Қазкоммерцбанк 150 млн. доллардың синдикаттық несиесін мерзімінен бұрын өтеді

30-маусымда Қазкоммерцбанк 150 млн. доллардың синдикаттық несиесін мерзімінен бұрын өтеді . Бұл несиені халықаралық банктер синдикаты 2001-жылдың 20-желтоқсанында 12 ай мерзіммен беріп, 2002-жылдың желтоқсанында несиені қайтару мерзімі бір жылға шегерілген болатын. Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Шiлде 2003
  • 557
Фото - Caravan.kz

Банк түсініктемесіне жүгінсек, 2003-жылдың сәуір айында ККБ 500 млн. доллардың еурооблигациясын орналастыруымен қатысты уақытша жоғары ликвидтілікке байланысты синдикаттық несиені уақытынан бұрын өтеуге шешім қабылдаған.

Қаржылық институттар департаментінің директоры Андрей Тимченконың айтуынша, рыноктағы бағаның «несиенің» бағасынан біршама арзан болуы да берешекті уақытынан бұрын өтеуге итермелеген көрінеді.
Синдикаттық несие Республикамызға азық-түлік өнімдері, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп саласына арналған құрал-жабдық, дәрі-дәрмек әкелуге, сондай-ақ, елімізден металл, мақта, астық және басқа да тауарлар экспорттауға септігін тигізетін сауда-саттық мақсатында берілген болатын.
А.Тимченконың айтуынша, сауда-саттық саласын қаржыландыру — Қазкоммерцбанктің басымдық берген бағыттарының бірі. Банк клиенттерінің сұранысы артқан сайын банк жылына бір немесе екі мәрте осындай несиелер тартуға талпынатын болады,- дейді департамент директоры.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл — Қазақстан банк секторының тарихында тұңғыш рет ең ірі синдикаттан арзан бағаға синдикаттық несие тарту оқиғасына саналады.
Несиені ұйымдастыру жөніндегі мандатқа Deutsche Bank AG London ие болып, банктер синдикатына ING Bank N.V., Piraeus Bank S.A., және Garanti Bank International N.V. банктері енді. Бұл синдикатқа шетелдік танымал қаржылық институттардың өз үлестерін қосуымен ерекшеленді.

Соңғы жаңалықтар