Қазкоммерцбанк 300 млн. доллардың синдикаттық несиесін тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазкоммерцбанк 300 млн. доллардың синдикаттық несиесін тартты

Қазкоммерцбанк 300 млн. доллардың синдикаттық несиесін тартты

Қазкоммерцбанк қазақстандық банктер үшін аса ірі көлемдегі несие болып табылатын 300 млн. доллардың синдикаттық несиесін тартты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2003
  • 799
Фото - Caravan.kz

Займ туралы келісімге Лондонда қол қойылды. Синдикаттық несие екі траншпен беріледі: 190 млн. долларды құрайтын бірінші транш 1 жылға берілмек. Ал 110 млн. долларды құрайтын екінші траншы 2 жылға алынып отыр. Бірінші транш бойынша 6 айлық ЛИБОР-дың сыртында 1,5 проценттік, ал екінші транш бойынша 2 проценттік жылдық өсім беріледі.

Аталмыш несиені ұйымдастыруға Deutsche Bank AG London пен Citibank N. A мұрындық болды. Синдикатқа 42 банк қамтылды. Атап айтсақ, ABN AMRO Bank пен ING Bank N.V, American Express Bank GmbH, Garanti Bank International N.V., UFG, Wachovia, сондай-ақ, Ahli United Bank BSC, Bank Hapoalim, Bank Leumi-Le Israel, Bank of New York, Bankgesellschaft Berlin AG, Banque Misr, BRE Bank SA, Caixa Geral de Depositos, Commerzbank AG, Dresdner Bank AG, Erste Bank, Finansbank, HVB (BA/CA, Hypo-, Vereins- und Westbank), Israel Discount Bank of New York, JP Morgan Chase, KBC Bank NV, Kuwait Real Estate Bank, Landesbank Rheinland-Pfalz, Magyar Kulkerskedelmi Bank, MashreqBank psc, Mizuho Financial Group, Natexis Banques Populaires, National Bank of Pakistan, Piraeus Bank, Raiffeisen Zentralbank Oesterreich, Sampo Bank plc, Sumitomo Mitsui Banking Corporation, United Bank Ltd, The Arab Investment Co SAA (TAIC), West LB пен Yapi ve Kredi Bankasi.
Өткен жылғы 150 млн. долларлық несие мен биылғы синдикаттық несие еліміздің банк секторына тартылған арзан әрі аса ірі көлемдегі несие болғандығымен еліміздің банк секторы үшін жаңаша жарнама іспетті .
Банк өкілдерінің атап көрсеткеніндей, бұл несие үкіметтің инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ, банк клиенттерінің импорттық және экспорттық келісім-шарттарын қаржыландыру мақсатында пайдаланылады. Нәтижесінде елімізге азық-түлік өнімдерін, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп саласына арналған жабдықтар мен дәрі-дәрмектер әкелуге, металл, мақта және астық экспортына септігі тимек.
«Арзан синдикаттық несие алу еліміздің банк секторында бәсекелі орта қалыптастыруға түрткі болып, банк несиелерінің арзандауына жағдай жасайды. Қазақстанға және қазақстанның банк секторына деген сенім нығайған сайын болашақта осындай синдикаттық несиелердің мерзімі ұзара түседі дегенге сенеміз»,- дейді Қазкоммерцбанктің атқарушы директоры Андрей Тимченко.
Deutche Bank AG London банкінің экспортты қаржыландыру және сауда құрылымы жөніндегі атқарушы директоры Саймон Сойердің айтуынша, бұл жолғы несие — ТМД бойынша бірінші рет біріліп отырған ірі көлемдегі несие болмақ.
«Бұл жолғы банктер синдикатына дүниежүзінің көптеген елдерінен қаржылық мекемелер жұмылдырылғандықтан бұл несиені ғаламдық несие деуге болады. Қазақстан соңғы жылдарда экономикалық саясатта біршама табыстарға қол жеткізді. Синдикаттық несие беру туралы келісім- соның нақты бір айғағы болса керек»,- деді ол.
Қазкоммерцбанк еліміздегі ең ірі үш банктің бірі. Халықаралық аудитпен тексерілген есепке сәйкес, банк активтері 2,6 млрд. долларды, ал банктің жеке капиталының мөлшері 289 млн. долларды құрайды.

Соңғы жаңалықтар