Қазкоммерцбанк Қазақстан мен Чехияның бірлескен автокөлігін шығару жобасын қаржыландырады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазкоммерцбанк Қазақстан мен Чехияның бірлескен автокөлігін шығару жобасын қаржыландырады

Қазкоммерцбанк Қазақстан мен Чехияның бірлескен автокөлігін шығару жобасын қаржыландырады

Өскеменде Skoda компаниясы мен Қазақстанның "Азия-Авто" көлік құрастыру зауыты арасында чехия автокөлігін құрастыра бастау туралы келісім-шартқа қол қою шарасы өтті. Бұл жоба толыққанды жүзеге асқанға дейін қаржыландыру міндетін "Қазкоммерцбанк" АҚ жүктеп алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Ақпан 2005
  • 487
Фото - Caravan.kz

Құжатқа қол қою рәсімінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Виктор Храпунов: «Екі жылға созылған келіссөздер нәтижеге жетті. Алғашқы 10-15 автокөлік 2005-жылдың екінші тоқсанында құрастырылуы тиіс»,- деп атап көрсетті. Қазақстан-Чехия автокөліктерін 2005-жылдың үшінші тоқсанында сериялы өндіру жолға қойылады. Алғашқы жылы 1 мың дана Skoda автокөлігін, ал екінші жылы оның 3 мың данасын өндіру көзделген. «Бірлескен Чехия-Қазақстан автокөлігінің құны отандық тұтынушылар үшін күтпеген оқиға болмақ»,- дейді жобаға қатысушылар.

2003-жылы іске қосылған «Азия-Авто» көлік құрастыру зауыты Ресейдің «АвтоВаз» ААҚ өндіретін көлік бөлшектерінен Lada Niva автокөліктерін құрастырады. 2004-жылы зауытта 3206 Lada Niva автокөліктері құрастырылды. «Азия-Авто» зауытының тауар өндіру көлемі 2004-жылы 29 процентке артып, 18,8 млн. долларды құрады.

Перейти к новостям спорта