Жарияланды: 450

Қазкоммерцбанк «Resmi» компаниялар тобын сотқа берді

«Қазкоммерцбанк» АҚ-ы «7'Я» супармаркеттер желісі» АҚ-ы мен «Food Retail Invest» ЖШС-ін, «Resmi» компаниялар тобын сотқа берді.

Банктің хабарлауынша, Қазкоммерцбанк сот арқылы аталған компаниялардан 2 484 308 270,46 теңге қарызын қайтаруды көздеп отыр. Бұған дейін «7'Я» супармаркеттер желісі» АҚ-ы басшылығының баспасөз мәслихатын өткізіп, "Қазкоммерцбанктің бұған дейін келіскен өз міндетін орындамай отыр" деп айыптағаны туралы хабарлаған болатынбыз. Қазкоммерцбанк бүгінгі өз хабарламасында өз міндеттемелерінің дұрыс орындалғаны туралы мәлімдеді. «2007 жылы банк пен 7'Я» супармаркеттер желісінің тең иелері «Resmi» компаниялар тобы мен Бауыржан Баймұқанов арасында сауда желісін дамыту үшін несие беру туралы келісім жасалды. «Resmi» компаниялар тобы бұл жерде міндеттемені мойнына алушы есебінде. Алайда компания менеджменті банкке көрсеткен бизнес жоспардағы міндеттемелерді орындай алмай, 2008 жылы несиені қайтару мерзімін кешіктіре бастады. Дағдарыс кезеңін ескере отырып банк акционерлеріне жағдайды түзеу үшін, жеңілдік мерзімі берілді. Алайда, «7'Я» супармаркеттер желісі» АҚ-ы жағдайды түзей алған жоқ. Бұған сәйкес Қазкоммерцбанк Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына шағым түсірді. Бұл арқылы біз берген несиені қайтаруды көздейміз»,- делінген банк хабарламасында. Банк бұнымен қатар дағдарысты бейбіт жолмен шешуге де бейілді екендерін хабарлап отыр. «Несие алушы компания мен несиелік міндеттемені тең көтерушінің кез-келген ұсынысын қарауға дайынбыз»,- делінген банк хабарламасында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть