Қазкоммерцбанк ТМД елдерінен бірінші, ал дүниежүзіндегі жеке меншік банктерден екінші болып Dow Jones индексіне енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазкоммерцбанк ТМД елдерінен бірінші, ал дүниежүзіндегі жеке меншік банктерден екінші болып Dow Jones индексіне енгізілді

Қазкоммерцбанк ТМД елдерінен бірінші, ал дүниежүзіндегі жеке меншік банктерден екінші болып Dow Jones индексіне енгізілді

"Қазкоммерцбанк" АҚ дамушы рыноктарға арналған жаңа Dow Jones индексіне енгізілді. Бұл туралы бүгін, 20-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында банк басшылығы жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Сәуiр 2005
  • 452
Фото - Caravan.kz

Дамушы елдерге арналған жаңа индекстің тұсаукесерін Dow Jones компаниясы 2005-жылғы 4-сәуірде жасаған. Оған инвесторлар тарапынан дамушы елдердің қаржы рыногына деген қызығушылықтың арта түсуі себеп. Индекске дамушы елдер эмитенттерінің несиелік міндеттемелері негіз етіп алынған. Қазкоммерцбанк облигациялары жаңа индекстің негізгі есептік элементтерінің біріне айналды. Қазақстандық банктердің Еурооблигациялар рыногында айналымда жүрген құнды қағаздары 4,3 млрд. долларға бағаланады. Соның ішінде Қазкоммерцбанк үлесі 40 процент немесе 1,7 млрд. долларды құрайды.

Dow Jones компаниясының басқа да индекстері сияқты дамушы рыноктардың индексі де толық немесе транш түрінде сатылады. Бүгінде бұл индекстің қоржынында дамушы рыноктардан 40 эмитент енгізілген. Олардың 29-ы дербес, ал 11-і корпоративтік эмитенттер. Жаңа индекс инвесторларға Латын Америкасы, Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Африкалық эмитенттер активтерінің диверсификациялы қоржынын бір уақытта сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл индексті сатып алу арқылы инвесторлар индекске қамтылған әрбір эмитеттің тәуекелінің үлесін (2,5%) сатып алады.
ТМД аумағында Dow Jones индексіне бұған дейін Газпром ғана қамтылған-тұғын. Енді міне Қазкоммерцбанк те осы санатқа қосылды. Ал дүниежүзіндегі жеке меншік қаржылық институттар арасынан Қазкоммерцбанк Үндістанның мемлекеттік банкі мен ІСІСІ жеке меншік банкімен бірге екінші болып индекске енгізілді.
ABN Amro банкінің индекс жөніндегі маркет-мейкерінің пікірінше, Қазкоммерцбанктің халықаралық индекске енгізілуінің арқасында Қазақстандық өзге де эмитенттердің жалпы облигацияларының өтімділігі артып, Қазақстанның халықаралық қаржылық рыноктағы позициясы мен беделі өсе түспек. Сонымен бірге құнды қағаздардың жаңа эмиссиясын шығарған жағдайда Қазкоммерцбанктің өзі үшін де инвестор тарту құны арзандай түседі.

Перейти к новостям спорта