Бұл туралы бүгін компанияның қызметі мен дамуына арналған брифингте «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры Мәлік Сәлімгереев мәлім етті.
«ҚМГ 2022 жылы мұнау мен газ конденсатының қорын бір миллиард тоннаға ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл 1,8 есеге артады деген сөз. Мұнай мен газ конденсатын өндіру 34,5 миллион тоннаға дейін жеткізіледі. Бұл қазіргіден 1,6 есеге жоғары. Сонымен қатар көмірсутек қорының ұлғайтылуы көзделуде», — деп атап өтті ол.
Оның сөзіне қарағанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясы аясында бұрғылаудың тиімді технологияларын енгізуді, жаңа кен орындарын ашу арқылы мұнай мен газ өндіру көрсеткіштерін жоғарылатуды көздеп отыр.