Жарияланды: 320

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясы өндірістік қызметкерлерді Венгрияда оқытуға аттандырып жатыр

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Орал Ойл энд Газ» ЖШС мұнай-газ жобасына өндірістік қызметкерлерді дайындау бағдарламасын іске қосты.

MOL Hungarian Oil and Gas және First International Oil Company компанияларымен бірге асырылып жатқан бағдарлама бойынша жас мамандар Венгрияның жетекші техникалық жоғары оқу орындарында білімдерін толықтырады. Биыл 12 адам Будапешт технология және экономика университеті мен Мишкольц университетінде оқуға стипендия алады. Олардың орташа жасы - 25-26 жас. Олардың барлығы бакалавр дәрежесіне ие және бұл салада кем дегенде 2 жыл қызмет істеген. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бірлескен жобалардың үлестерін басқару жөніндегі директоры Дәулетжан Хасановтың айтуынша, бағдарламаның басты мақсаты - «Орал Ойл энд Газ» ЖШС-ін біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету. «Венгрия университеттерінің бірнеше ғасырлық тарихы бар. ЖОО-лары өте мықты дәстүрімен, танымал түлектерімен әйгілі. Олардың ішінде Нобель сыйлығының иегерлері де бар. Бірнеше сатылы іріктеуден кейін, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының 20 мың қызметкері арасынан біз тиісті мамандықтар бойынша лайықты деген 12 адамды таңдап алдық. Сіздерге үлкен үміт артамыз», - дейді Дәулетжан Хасанов. Оқуды тәмамдаған стипендиаттар инженер-технолог, техникалық қызмет көрсету инженері, инженер-электрик, бұрғылау және ұңғыларды жөндеу инженері, игеру жөніндегі инженер мамандықтары бойынша жұмыс істейтін болады және «Орал Ойл энд Газ» ЖШС-інде кем дегенде 5 жыл қызмет етулері тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін