ҚазМұнайГаз бен CNPC PetroKazakhstan компаниясының акцияларын сатып алу мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазМұнайГаз бен CNPC PetroKazakhstan компаниясының акцияларын сатып алу мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

ҚазМұнайГаз бен CNPC PetroKazakhstan компаниясының акцияларын сатып алу мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

"ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ мен CNPC PetroKazakhstan компаниясының акцияларын сатып алу мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум PetroKazakhstan Inc. компаниясының акцияларын сатып алуға ҚазМұнайГазды қатыстыру мәселесін реттейді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі CNPC компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Қазан 2005
  • 400
Фото - Caravan.kz



Меморандумға сәйкес ҚазМұнайГаз жер қойнауын пайдалану мәселесін мемлекеттің стратегиялық бақылауына алу мүмкіндігін сақтап қалуға қажетті көлемде PetroKazakhstan Inc. компаниясы акцияларының қоржынын сатып алумен қатар Шымкент мұнай өңдеу зауытын бірлесіп басқару және мұнай өнімдерін әрбір тарап тең үлеспен сату құқығына ие болады.
Құжатқа қол қойған тараптар бірлескен жобаға екі елдің ұлттық компанияларының тікелей атсалысуы әріптестік байланыстарды паритетті негізде жолға қоюға мүмкіндік берумен бірге Қазақстанның ішкі нарығын мұнай және мұнай өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етуге жағдай жасайды деп атп өтті.
Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтатық аясында меморандумға қол қою «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ мен CNPC арасындағы достық байланыстардың одан әрі нығая түсетінінің айғаны болмақ, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Сяопэй CNPC International Ltd-нің PetroKazakhstan активтерін сатып алу ықтималдығы жоғары деп бағалайды. «Бұл — таза коммерциялық сауда-саттық және оны саясиландырудың қажеті жоқ»,- деді елші. «Бұл халықаралық тендер»,- деді ол.
«PetroKazakhstan компаниясын сатып алғаннан кейін біз аталмыш мұнай компаниясының тиімділігін арттыру үшін Қазақстанмен бірлесіп басқаратын боламыз»,- деп атап көрсеткен Чжоу Сяопэй, «ынтымақтастық туралы мәселе тек сауда-саттықтан кейін шешіледі», деді.
Бүгін мәлім болғаныныдай, PetroKazakhstan Inc. компаниясы акционерлерінің арнайы жиналысы Калгари қаласында компанияны 4,18 млрд. долларға Қытайдың CNPC компаниясының еншілес кәсіпорны — CNPC International Ltd-ге сату туралы ұсыныс — келісімді мақұлдады.
Бұл шешім үшін PetroKazakhstan Inc. компаниясы акционерлерінің 99,04 проценті дауыс берді.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта