Жарияланды: 550

«ҚазМұнайгаз» бен KAZENERGY журналистер арасында байқау жариялады

«ҚазМұнайгаз» бен KAZENERGY журналистер арасында байқау жариялады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен KAZENERGY қауымдастығы қазақстандық журналистердің шығармашылық белсенділігін арттыруды көздейтін «Қалам қуаты» атты 3-республикалық журналистік шеберлік байқауын жариялайды.

Байқаудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының жетістіктеріне жұртшылықтың назарын аудару, Қазақстан мұнай-газ саласы компанияларының ақпараттың ашықтығы бойынша қызығушылығын арттыру, мұнай-газ тақырыбында қалам тербейтін еліміздің БАҚ-тары арасында адал бәсекелестікті қолдау, сонымен қатар бірыңғай медиа кеңістігі үлгісін жасау болып табылады. Байқауға республикалық, облыстық және қалалық, аудандық газеттердің редакция ұжымдары, телерадиокомпаниялар, аймақтық және республикалық БАҚ-тарда істейтін жеке ізденушілер - журналистер, (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлер), сонымен қатар материалдары жарық көрген не болмаса теле- және радиохабарларында пайдаланылған басқа да авторлар қатыса алады. Бұл жолы «Қалам қуаты» мынадай аталымдар бойынша өткізіледі: - Гран-при; - республикалық телеарнада эфирге шыққан мұнай-газ тақырыбындағы үздік ТВ бағдарлама/ арнайы репортаж; - үздік фоторепортаж; - үздік радиобағдарлама; - республикалық БАҚ-та жарық көрген үздік материал; - аймақтық баспа БАҚ-тарында қазақ тілінде жарық көрген үздік материал; - аймақтық баспа БАҚ-тарында орыс тілінде жарық көрген үздік материал; - үздік студенттік жұмыс; - үздік блоггер; - мұнай-газ саласы тарихы туралы үздік материал. Байқауға жаңа аталымдар енгізу мұнай-газ тақырыбында қалам тербейтін журналистер арасында new-media (блоггинг, мобильді журналистика) прогрессивті түрлерін таратуға, сонымен қатар БАҚ-тардағы жас мамандардың мұнай-газ тақырыбында материалдар жазуына мүмкіндік береді. Конкурсқа 2011 жылдың қаңтар айының 1 жұлдызынан 2011 жылдың 20 тамызына дейін газеттерде және басқа да тіркелген БАҚ-тарда, сондай-ақ Интернет БАҚ-тарында жарық көрген, теле-радиода эфирге шыққан материалдар қабылданады. Өтінімдер 2011 жылдың 25 тамызына дейін қабылданады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін