«ҚазМұнайгаз» бен KAZENERGY журналистер арасында байқау жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазМұнайгаз» бен KAZENERGY журналистер арасында байқау жариялады

«ҚазМұнайгаз» бен KAZENERGY журналистер арасында байқау жариялады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен KAZENERGY қауымдастығы қазақстандық журналистердің шығармашылық белсенділігін арттыруды көздейтін «Қалам қуаты» атты 3-республикалық журналистік шеберлік байқауын жариялайды.

  • 12 Шiлде 2011
  • 531
Фото - Caravan.kz

Байқаудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының жетістіктеріне жұртшылықтың назарын аудару, Қазақстан мұнай-газ саласы компанияларының ақпараттың ашықтығы бойынша қызығушылығын арттыру, мұнай-газ тақырыбында қалам тербейтін еліміздің БАҚ-тары арасында адал бәсекелестікті қолдау, сонымен қатар бірыңғай медиа кеңістігі үлгісін жасау болып табылады.

Байқауға республикалық, облыстық және қалалық, аудандық газеттердің редакция ұжымдары, телерадиокомпаниялар, аймақтық және республикалық БАҚ-тарда істейтін жеке ізденушілер — журналистер, (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлер), сонымен қатар материалдары жарық көрген не болмаса теле- және радиохабарларында пайдаланылған басқа да авторлар қатыса алады. Бұл жолы «Қалам қуаты» мынадай аталымдар бойынша өткізіледі:

— Гран-при;

— республикалық телеарнада эфирге шыққан мұнай-газ тақырыбындағы үздік ТВ бағдарлама/ арнайы репортаж;

— үздік фоторепортаж;

— үздік радиобағдарлама;

— республикалық БАҚ-та жарық көрген үздік материал;

— аймақтық баспа БАҚ-тарында қазақ тілінде жарық көрген үздік материал;

— аймақтық баспа БАҚ-тарында орыс тілінде жарық көрген үздік материал;

— үздік студенттік жұмыс;

— үздік блоггер;

— мұнай-газ саласы тарихы туралы үздік материал.

Байқауға жаңа аталымдар енгізу мұнай-газ тақырыбында қалам тербейтін журналистер арасында new-media (блоггинг, мобильді журналистика) прогрессивті түрлерін таратуға, сонымен қатар БАҚ-тардағы жас мамандардың мұнай-газ тақырыбында материалдар жазуына мүмкіндік береді. Конкурсқа 2011 жылдың қаңтар айының 1 жұлдызынан 2011 жылдың 20 тамызына дейін газеттерде және басқа да тіркелген БАҚ-тарда, сондай-ақ Интернет БАҚ-тарында жарық көрген, теле-радиода эфирге шыққан материалдар қабылданады. Өтінімдер 2011 жылдың 25 тамызына дейін қабылданады.

Соңғы жаңалықтар