ҚазМұнайГаз бен Оңтүүстік Кореяның бірнеше мұнай компаниясы Каспий теңізінде бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асырмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазМұнайГаз бен Оңтүүстік Кореяның бірнеше мұнай компаниясы Каспий теңізінде бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асырмақшы

ҚазМұнайГаз бен Оңтүүстік Кореяның бірнеше мұнай компаниясы Каспий теңізінде бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асырмақшы

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен Кореяның Каспий Мұнай Жобасы Консорциумы өзара ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, ынтымақтастық нысаны ретінде Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан "Жамбыл" участогы таңдап алынды.

  • 22 Қыркүйек 2004
  • 471
Фото - Caravan.kz

Қол қойылған хаттамаға сәйкес, тараптар 2004-жылдың аяғына дейін ынтымақтастықтың басты принциптерін келісу үшін келіссөздер жүргізіп, жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шартына қол қоюға дайындала бастайды. Бұл келісім-шартқа 2005-жылы қол қойылады деп межеленді.

Бұған дейін тараптар Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінің солтүстік-батысында орналасқан «Махамбет үстіртінің» көмірсутегі қорын бірлесіп бағалау жөніндегі жұмыс тобын құрған.
Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Кореяның Каспий Мұнай Жобасы Консорциумының құрамына енетін Корея Ұлттық мұнай корпорациясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл құжатта Корея Ұлттық мұнай корпорациясына «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның «Теңге» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы үлесінің 69 процентін сату бағытында келіссөздер жүргізе бастау қарастырылған.
Маңғыстау облысындағы Теңге кенішіндегі алынатын қалдық мұнай қоры 13,7 млн. тоннаны құрайды.

Перейти к новостям спорта