«ҚазМұнайГаз» бен Қытай Ұлттық мұнайгаз корпорациясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазМұнайГаз» бен Қытай Ұлттық мұнайгаз корпорациясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

«ҚазМұнайГаз» бен Қытай Ұлттық мұнайгаз корпорациясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтао мырзаның Қазақстанға ресми іссапары аясында 2011 жылғы 13 маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (әрі қарай - ҚМГ ҰК) мен Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы (әрі қарай - ҚҰМК) ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

  • 13 Маусым 2011
  • 396
Фото - Caravan.kz

Келісімге ҚМГ ҰК Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин және ҚҰМК вице-президенті Ван Дун Цзинь қол қойды.

Осы Келісім инновациялық технология, ғылым, кәсіпкерлікті жоғарылату, оқу саласында Тараптар арасындағы ашық және өзара тиімді механизм құруға бағытталған.

— Қазақстанның мұнай-газ нарығы инновациялық даму жолына түсті, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы қазірдің өзінде мұнай өңдеу және мұнай-химия саласында бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асыруда. ҚҰМК-мен арада жасалған бүгінгі келісім келешекте елімізге айтарлықтай экономикалық нәтиже әкелетін ҚМГ инновациялар портфелін қалыптастыруда маңызды шара болып табылады, — деп, атап көрсетті Қайыргелді Қабылдин.

— Бұл келісім ҚҰМК мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі болатындығына сенімдімін. ҚҰМК өз тарапынан көмірсутегі шикізатын барлау және өндіру, мұнай жабдықтарының өндірісі саласындағы өз тәжірибесімен, технологиясымен бөлісуге әзір, сондай-ақ ғылыми және инженер мамандарды дайындау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетін болады, — деді Ван Дун Цзинь.

Келісім шеңберінде Тараптар біріккен ғылыми-техникалық жобаларды әзірлеуді, соның ішінде Алматы қаласындағы «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында мұнайгаз саласының ғылыми-зерттеу орталығын құру және дамытуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар Тараптар Қазақстанның машина жасау зауыттары негізінде заманауи мұнайгаз жабдығын бірлесіп өндіру жобалары бойынша техникалық және технологиялық көмек көрсету, сондай-ақ КМГ компаниялар тобының ғылыми-зерттеу орталықтарын алдыңғы қатарлы жабдықпен қамсыздандыру жөнінде келісімге келді.

Соңғы жаңалықтар