Оның айтуынша, бұл келісімде Қазақстанда мұнай және газ өндіру шарттары айқындалады. «Украинаға барлау үшін немесе бұрынғы барланған кеніштерден белгілі мөлшерде кеніштер бөлу туралы келісімге қол қойылады»,- деді А.Ивченко.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Украина Нафтогазы» ҰАК басқармалары төрағасының орынбасары Александр Киселев 2005-жылдың ақпан айында Киевте қазір Шағырлы-Шөмішті кенішін игеріп жатқан АҚШ-тың American International Petroleum Corporation (AIPC) компаниясының ізбасары Caspian Gas Corporation компаниясы бұл кенішті игеру үшін бірлескен кәсіпорны құруды межелеп отырғанын мәлімдеген.
А.Ивченко 31-мамыр, сейсенбіде «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ-ның басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, оның барысында Қазақстанға бір аптаның ішінде украиналық, ал Украинаға қазақстандық мамандар жіберуге уағдалстық жасалғанын хабарлады. Олар мұнай және газ өндіру және барлау үшін бөлінетін кеніштердің тізімін әзірлейді.