Жарияланды: 320

«ҚазМұнайГаз» компаниясы биыл 430,8 миллиард теңге таза табыс тапты

"ҚазМұнайГаз" компаниясының соңғы 11 ай ішінде тапқан таза табысы - 430,8 миллиард теңге.

Бұл туралы бүгін компанияның қызметі мен дамуына арналған брифингте "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарушы директоры Мәлік Сәлімгереев мәлім етті. Оның атап көрсеткеніндей, мұнай мен газ өндіру 19,5 млн. тонна болса, мұнай өңдеу 14,4 млн. тоннаны, мұнайды магистральды тораптар мен танкерлік флот арқылы тасымалдау 71 млн. тоннаны, газды тасымалдау - 97,2 млрд. текше метрді құраған. "11 айдың ішіндегі компанияның жалпы кірісі 2884,9 млрд. теңге, таза табыс 430,8 млрд. теңгені құраған", - деді М.Сәлімгереев. Басқарушы директор басты назарды компаниядағы инвестициялық жобаларға аударды. Солардың ең негізгілері - Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, Ақтау пластикалық бұйымдар зауытында жол битумдары өндірісі мен "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырларын салу, Астанаға және солтүстік аймақтарға газ тарту жобасы, сондай-ақ Солтүстік-Каспий экологиялық базасын салу.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін