Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай өткізіліп отырған «ҚазМұнайГаз» кубогына шағын футболдан республикалық балалар турнирінің ашылуына шақырады.
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Турнир Қазақстанда бұқаралық балалар спортын дамыту және балалар мен жасөспірімдер футболын көпшілікке дәріптеу аясында өткізілуде. Турнирге Астана қаласының 2000-2001 жылдары туған жалпы білім беру мектептерінің оқушылары қатысады.
«Қалалық турнирдің салтанатты ашылуы № 28 орта мектебінің аумағында 2011 жылдың 15 мамырында сағат 10.00-де болады, — деп хабарлады баспасөз қызметі.