«ҚазМұнайГаз» өңдеу және маркетинг» АҚ 143 жанармай құю стансасын кәсіпкерлердің басқаруына берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазМұнайГаз» өңдеу және маркетинг» АҚ 143 жанармай құю стансасын кәсіпкерлердің басқаруына берді

«ҚазМұнайГаз» өңдеу және маркетинг» АҚ 143 жанармай құю стансасын кәсіпкерлердің басқаруына берді

«ҚазМұнайГаз» өңдеу және маркетинг» АҚ 143 жанармай құю стансасын шағын және орта бизнес басқаруына берді,

  • 18 Қыркүйек 2015
  • 612
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен. 

Таратылған ақпаратқа қарағанда, компанияның трансформация бағдарламасының бір бағыты «ҚазМұнайГаз» брендін сақтай отырып, жанармай құю стансаларын жеке кәсіпкерлерге беру, мұнай өнімдерін жеткізу және сапа стандартын сақтау болып саналады. 
«ҚазМұнайГаздың» 324 жанармай құю стансасының қазіргі уақытта 143-і бәсекелестік ортаға берілді. Бұл ретте басымдық шағын және орта бизнеске берілді.
Бағдарламаның басты басымдығы — шығыстарды азайту, компания қызметінің ашықтығын арттыру. Одан ары «ҚазМұнайГаз» брендімен жұмыс істеуге бейілді жеке жанармай құю стансаларын тарту жоспарланып отыр. 
Мұнай өңде зауыттарын жаңғырту аясында өндіріс тиімділігін және мұнай өнімдерінің сапасын арттыру үшін заманауи технологиялар енгізілуде. Өнімнің жаңа түрлерін шығару қолға алынуда.
2

Соңғы жаңалықтар