ҚазМұнайГаз өз акцияларын Лондон қор биржасында сатпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазМұнайГаз өз акцияларын Лондон қор биржасында сатпақшы

ҚазМұнайГаз өз акцияларын Лондон қор биржасында сатпақшы

"ҚазМұнайГаз"ҰК"АҚ өзінің қарапайым акцияларын Лондон қор биржасында сатпақшы. Бұл туралы бүгін, 24-наурызда Алматыда өткен брифинг барысында "ҚазМұнайГаз"ҰК"АҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Наурыз 2005
  • 378
Фото - Caravan.kz

«Біз қарапайым акцияларды шығару бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ әзірге ақырғы шешім қабылданған жоқ»,- деді ол. «Компания аясында шешім қабылданған жоқ. Шешімді директорлар кеңесі мен компания басқармалары бекітуге тиіс»,- деді Ұлттық компанияның басшысы.

Бұған дейін «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ-ның еншілес кәсіпорны — «»ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ өзінің қарапайым акцияларын Лондон қор биржасының листингіне енгізуге ниеті бар екенін мәлімдеген-тұғын. Қазіргі жағдаймен компания инвестициялық банкинг саласында қаржылық қызмет көрсетуші халықаралық ұйымдар арасында байқау жариялады.
2004-жылдың желтоқсан айында KASE биржалық кеңесінің шешімімен «»ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ-ның қапапайым акциялары KASE құнды қағаздарының «А» листингі тізіміне енгізілген.

Перейти к новостям спорта