«Соңғы жылдары елге әкелінген жанармай көлемі жеткіліксіз болып отыр. Мүлде жеткізілмей жатыр деуге болады. Осы проблеманы шешу мақсатында «ҚазМұнайГаз» контракт бекітті: Ресейден 180 мың тоннаға жуық, Әзірбайжаннан 10 мың тонна бензин жеткізу туралы келістік. Жанар-жағармай төңірегіндегі ахуал жуық арада реттелуі тиіс, жанармай әкеліне бастады», — деп сәрсенбі күні Алматыда «Мұнай және газ»/KIOGE-2014 көрмесі шеңберінде өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.
Оның айтуынша, «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармайдың бұл партиясын үлкен шығынмен әкеліп отыр.