«Ірі стратегиялық компаниялар, мысалы «ҚазМұнайГаздың» халықтық IPO және ғаламдық IPO туралы айтатын уақыт алыс емес. Демек, біз алдағы екі-үш жылда «ҚазМұнайГаздың» ғаламдық IPO-сы болады деп күтеміз», — деп ол бүгін Алматыда теңгенің 20 жылдығына арналған конференцияда атап көрсетті.
Компанияның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры. Жарияланған жай акциялар саны 849 559 596 дана, оның ішінде 521 724 560 данасы орналастырылды.
"ҚазМұнайгаз" «Халықтық IPO» бағдарламасына да енгізілген.