ҚазМұнайГаз ҰК президенті болып Қайыргелді Қабылдин тағайындалды (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазМұнайГаз ҰК президенті болып Қайыргелді Қабылдин тағайындалды (толықтырылған нұсқасы)

ҚазМұнайГаз ҰК президенті болып Қайыргелді Қабылдин тағайындалды (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ президенті болып Қайыргелді Қабылдин тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Қазақстанның мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Тамыз 2008
  • 712
Фото - Caravan.kz

«Бүгін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымына жаңа басшысын таныстырды. «Қазақстанның мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» АҚ-ның директорлар кеңесі Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдинді ҚазМұнайГаз ҰК президенті қызметіне сайлауға шешім қабылдады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қ. Қабылдин 1953 жылы туған. Түрлі жылдарда «Транснефть» жүйесінде, Қазақстан Республикасының мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінде, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде жұмыс істеген. «»ҚазТрансОйл» ЖАҚ вице-президенті, «»Транспорт нефти и газа» ҰК ЖАҚ бірінші вице-президенті, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарушы директоры және вице-президенті болған.

«Құрмет» орденімен марапатталған (1999 жылы). Ресей Федерациясының құрметті мұнайшысы (2001 жыл). Техника ғылымдарының кандидаты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар