"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ 2003-жылы 7 млн. 915 мың тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді
"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ 2003-жылы 7 млн. 915 мың тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді. Бұл 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 6,5 процентке артық. Жоспардан тыс 193,7 мың тонна мұнай өндірілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады. |
Атап айтсақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Өзенмұнайгаз" ААҚ 2003-жылғы мұнай және газ конденсатын өндіру жоспарын 103,2%-ке орындап, 5 млн. 283,5 мың тонна өнім өндірді. Жоспарға қосымша 162,2 мың тонна мұнай шығарылды.
"Ембімұнайгаз" ААҚ 2 млн. 631,5 мың тонна немесе жоспардың 101,2 проценті шамасында мұнай және газ конденсатын өндірді. Қосымша мұнай өндіру көлемі 31,5 мың тоннаға тең. Ал өндірілген табиғи газ көлемі 1 млн. 162,6 млн. текше метрді құрап, 2002-жылғы деңгейден 14 процентке артты.
"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, компанияның мұнай өндіруші кәсіпорындары жоғарыдағыдай көрсеткішке өндіріс құрылысы, ұңғылар қорын қалпына келтіру, кеніштерді өңдеу жүйесін оңтайландыруға қаржы жұмсау нәтижесінде қол жеткізді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін