"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ 2003-жылы 7 млн. 915 мың тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ 2003-жылы 7 млн. 915 мың тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді

"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ 2003-жылы 7 млн. 915 мың тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді

"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ 2003-жылы 7 млн. 915 мың тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді. Бұл 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 6,5 процентке артық. Жоспардан тыс 193,7 мың тонна мұнай өндірілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Қаңтар 2004
  • 432
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Өзенмұнайгаз» ААҚ 2003-жылғы мұнай және газ конденсатын өндіру жоспарын 103,2%-ке орындап, 5 млн. 283,5 мың тонна өнім өндірді. Жоспарға қосымша 162,2 мың тонна мұнай шығарылды.

«Ембімұнайгаз» ААҚ 2 млн. 631,5 мың тонна немесе жоспардың 101,2 проценті шамасында мұнай және газ конденсатын өндірді. Қосымша мұнай өндіру көлемі 31,5 мың тоннаға тең. Ал өндірілген табиғи газ көлемі 1 млн. 162,6 млн. текше метрді құрап, 2002-жылғы деңгейден 14 процентке артты.
«ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, компанияның мұнай өндіруші кәсіпорындары жоғарыдағыдай көрсеткішке өндіріс құрылысы, ұңғылар қорын қалпына келтіру, кеніштерді өңдеу жүйесін оңтайландыруға қаржы жұмсау нәтижесінде қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар