"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығы мен мұнай сатушылар арасындағы дауға араласпайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығы мен мұнай сатушылар арасындағы дауға араласпайды

"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығы мен мұнай сатушылар арасындағы дауға араласпайды

"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығы мен мұнай сатушылар арасындағы дауға араласпайды. Бұл туралы 23-ақпанда Алматы мен Астана астана арасында өткізілген бейне баспасөз мәслихатында "ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалин хабарлады.

  • 23 Ақпан 2004
  • 747
Фото - Caravan.kz

Ұ.Қарабалиннің пікірінше, «Атырау мұнай өңдеу зауыты мен мұнай сатушылар арасындағы қарым-қатынас шаруашылық құрылымдар арасындағы қарым-қатынасқа жататындықтан, ондай дау-дамай өзара келісімге келу жолымен немесе сот арқылы шешілуі тиіс. Ал акционер әрі бас компанияның шаруашылық субьектілері арасындағы дауға араласуға қақысы жоқ».

Атырау мұнай өңдеу зауытына қазір мұнай өнімдерінің бағасын қасақана арзандату туралы айып тағылып отырғаны белгілі. Бұл басқа мұнай өңдеу зауыттарымен салыстырғанда нарықта арзанырақ баға белгілеуге түрткі болуы тиіс,- деді компания президенті.
Ұ.Қарабалиннің түсініктемесіне жүгінсек, «мұнай өңдеу зауытына заң бұзу туралы айып та тағылып отыр. Осыған байланысты ҚазМұнайГаз компаниясында жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы зауытқа барып, оның іс-қызметіне заңдық тұрғыдан тексеру жүргізеді».
«Тексеру нәтижесінде кәсіпорындарда заң бұзу көріністеріне жол бермеу үшін тиісті шаралар қолданылады»,- деді Ұ.Қарабалин.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Атырау мұнай өңдеу зауытына шикі мұнай сатушы компаниялар «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-на өтініш жолдап, зауыт акционердерінің бірі болып табылатын «Алмаз Интернэшнл Трейдинг Компани» ЖАҚ-ына қатысты қатаң шара қолдануды сұраған болатын. Олар тіпті мұнайды зауытта өңдеу шартын бұзуға дейін баруды өтінген.
Мұндай мәлімдеме жолдауға «Алмаз Интернэшнл Трейдинг Компани» ЖАҚ-ынан «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-на жіберілген тағы бір хат себепкер болды. Атырау мұнай өңдеу зауыты акцияларының 1,8 процентін иемденетін бұл компания қаңтар айының соңында ұлттық компаниядан қазіргі зауыт басқарушыларының кеңесін жұмыстан босатуды сұраған. «Алмаз Интернэшнл Трейдинг Компани» ЖАҚ-ның директорлары кеңесінің төрағасы Алмаз Қожағалиев бұл даудың себептерін «акционерлерді көпе-көрнеу құрметтемеуге» және «мұнай өнімдерін босатуға байланысты зауытта қалыптасып отырған қитұрқы әрекеттерге» байланысты деп түсіндірген. Сондай-ақ, оның айтуынша, «Атырау мұнай өңдеу зауытының басқармалары зауыттың мұнай өнімдерін сатудан табатын пайдасы туралы негізгі акционерлерге, басқаша айтқанда, «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ мен «Алмаз Интернэшнл Трейдинг Компани» ЖАҚ-ына жалған ақпарат беріп алдады».
Ал Атырау мұнай өңдеу зауытына шикі мұнай сатушылардың хатына жүгінсек, «зауыттан мұнай өнімдерін босату жұмыстары қазіргі басқармалардың белсенді еңбегінің нәтижесінде соңғы екі жылда тұрақтана бастаған». Ал «Алмаз Интернэшнл Трейдинг Компани» ЖАҚ-ының мәлімдемесі, хат авторларының пайымдауынша, бұрынғы басқармалардың тұсында артықшылықтарға ие болып келген компания ахуалының өзгеруіне байланысты болса керек. Атап айтсақ, «Алмаз Интернэшнл Трейдинг Компани» ЖАҚ-ының тапсырыстары бойынша мұнай өнімдері бірінші кезекте жөнелтіліп отырса, «басқалардың мүддесі кейінге ысырылып келген».
Қазіргі жағдаймен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ-ның акцияларын 19 компания иемденеді. Ал «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ акциялардың 86,7 проценттік бақылау қоржынына ие. «Алмаз Интернэшнл Трейдинг Компани» ЖАҚ акциялардың 1,8 процентіне иелік етеді.

Соңғы жаңалықтар